Павлодар облысында Тілдер күні мерекесі атап өтілді
Мереке күні өңірлік мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер ісі басқармасы ұйымдастырған тілдер он күндігінің нәтижелері қорытындыланды. Облыс орталығында XХІ республикалық Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі шеңберінде «Тіл — рухани жаңғыру тетігі» фестивалі өтті.
— Мерекелік іс-шаралар С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында өткен отырыстан басталды, — деді басқарма өкілдері. – Жиынның пленарлық бөлімінде өңірдің ЖОО-ың ғалымдары, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының, өңірдегі «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, «Жебе» қоғамдық бірлестігнің мүшелері өңірдегі тіл саясатын талқылап, өзара пікір алмасты.
Мерекенің жалғасында Естай атындағы Мәдениет сарайында «Тіл шаһары» жобалар көрмесі мен «Аnаtili» мобильді қосымшасының таныстырылымы өткізіліп, мерекелік концерт ұйымдастырылды.
— Бұл фестиваль өңірдің барлық этностарының өкілдерінің қатысуымен өтіп жатыр, — деді облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов. – Еліміздегі әр ұлт қазақстандық қоғамның маңызды бөлшегі. Әлеуметтік ахуал ең алдымен қоғамдағы толеранттылық пен өзара сыйластыққа байланысты.
Мерекелік концерт барысында мемлекеттік тілдің кеңінен қанат жаюына, ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосқан облыс тұрғындары ҚР Мәдениет және спорт министрілігі жанындағы Тілдер саясаты комитетінің, облыс әкімінің құрмет грамотлары мен алғыс хаттарына ие болды. Марапатталғандардың қатарында ПМПУ профессорсы, филология ғылымдарының кандидаты Рыскүл Шақаман, «Найзатас» әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналының редакторы Асыл Әбіш, № 37 ЖОББМ-ің директоры Ляйля Жүсіпова, «Энергоуправление» ЖШС-ің қазақ тілі маманы Виктория Камалитдинова, «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Алпысбай Хонж, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қаршыға Шаяхметов, Кенжекөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айымгүл Рүстемова бар.
Қалалық мәдениет сарайының алдында арнайы киіз үйдер тігіліп, мұнда әрбір ниет білдірген адам «Тіл керуені», «Күн сәулесі», «Тілдік келісім», «Тілдік бранч» сияқты қазақ тілін үйрену курстары туралы ақпарат алды.
Әлихан Рахметоллаұлы