Павлодар облысында Тілеуқабыл батырдың ескерткіші орнатылды
Павлодар облысы Май ауданының Жаңатілек ауылында Абылай ханның серігі Тілеуқабыл батырдың ескерткіші орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов, қоғам қайраткері Қуат Есімханов, батырыдң ұрпақтары, Май ауданының тұрғындары қатысты.
— Тілеуқабыл батыр – жалпыұлттық көлемдегі тұлға, — деп атап өтті Асхат Оралов. – Біз ел үшін, жер үшін күрескен батырлардың есімін ұлықтауымыз қажет. Осы мақсатта облыста көп жұмыс атқарылып жатыр. Мәселен, Павлодар обылсының киелі нысандар картасына 43 нысан енгізілді. Олардың ішінде жетеуі республикалық киелі нысандардың тізіміне енгізілді.
Май ауданының Құрметті азаматы Қуат Есімханов жерлестерін ескерткіштің ашылуымен құттықтады. Ол жиналған қауымға батырдың өмір жолы туралы қысқаша баяндап берді. Май ауданының жерінде туып-скен Тілеуқабыл Дәулетбайұлы қазақ-қалмақ соғысының тарихындағы Шаңды жорыққа қатысқан. Абылай хан Тілеуқабыл батырды аса құрметтеп, әр жорыққа шығарда жанынан қалдырмаған екен.
Ескерткіштің авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші Тұрар Төлеев. Ескерткішті тұрғызу жұымстарына батырдың ұрпағы Жүнісов Сүлеймен қаржылай қолдау көрсетті.
Мерекелік іс-шаралар барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, бәйге мен палуандар күресі өткізілді.
Әлихан Рахметоллаұлы