Павлодар облысында жалғыз басты анаға пәтер берілді
Батан Жұмахан есімді азаматша екі апта бұрын жұбайынан айырылып, үш баламен жалғыз қалған еді. Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіттің баспасөз қызметі хабарлағандай бұл «Ел үлес пәтерге» акциясының аясында жамағаттың садақасынан түскен қаражатқа сатып алынған төртінші пәтер.
Павлодар, Екібастұз және Ақсу қаласы мешіттерінің жамағаты берген садақаға сатып алынған пәтердің кілтін жалғыз басты анаға орталық мешіттің наиб имамы Қанат Қабаев пен «Зекет» қайырымдылық қорының облыстық бөлімшесінің өкілі Қанат Алпысұлы тапсырды.
–«Ел үлесі пәтерге» акциясының шеңберінде осымен төртінші пәтер сатып алып, жағдайы ауыр жалғыз басты аналарға беріп отырмыз, — деді Қанат Алпысұлы. — Қаражат қалалық мешіттердің жамағаты берген садақаның қорынан құралды. Болашақта да осы акцияны жалғастырып, халыққа көмек көрсететін боламыз. Қайырымдылық шарасына қатысқан барша халыққа алғыс айтамыз.