Павлодар облысында «Жас шебер» жобасы аясында 814 адам өз ісін ашты

«Жас шебер» жобасы өңіріміздің барлық қалалары мен аудандарды, ауылдық округтерді қамтиды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Болат Бақауов мәлім етті.

— Ағымдағы жыл Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі, — дейді Болат Бақауов. — Жастар саясатын дамытудың маңызды бағыттарының бірі жастар кәсіпкерлігін қолдау болып табылады.Осы орайда, «Жас Кәсіпкер» республикалық жобасы аясында 506 адамның өз бизнесін ашуы үшін 200 АЕК көлемінде гранттар бөлінген.

Сонымен қатар, «Жас шебер» өңірлік жобасы аясында бүгінгі күні 814 адам өз ісін ашты және 680 адам өз бизнес идеяларын жыл соңына дейін іске асыруды жоспарлап отыр. Ал, Жастар жылы барысында облыс бойынша жастарға бизнес ашу үшін 200 АЕК (505 000 теңге) көлемінде 503 грант берілді. Өңір басшысы облыстың барлық қалалары мен аудандарында жастардың ресурстық орталықтары табысты жұмыс істейтінін атап өтті. Олардың қызметі жергілікті жерлерде жастардың өткір проблемаларын түсінуге және шешуге көмектеседі.

Айта кетерлігі, биыл алғаш рет 10 номинация бойынша жалпы жүлде қоры 10 млн теңгені құрайтын «Ертіс дарыны» жастар премиясы бастау алды. Жеңімпаздарды марапаттау Тұңғыш Президент күні қарсаңында өтеді