Павлодар облысында жедел жәрдем қызметкерлері тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің қыр-сырларын үйретті

Павлодар облысының жедел жәрдем станциясы тұрғындарға бастапқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйрету акциясын бастады. 103 қызметінің ақ халаттылары алғашқы сабақты қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлері үшін өткізді.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша жарақат алғандардың 30 пайызы алғашқы медициналық көмек дер кезінде көрсетілмегендіктің кесірінен қаза табатындықтарын айтады.

– Біздің міндетіміз тұрғындардың неғұрлым көп бөлігін алғашқы медициналық көмектің ережелеріне үйрету, – дейді өңірлік жедел медициналық қызмет станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко. – Біздің реанимотолог және кардиолог дәрігерлер қала бойынша қызмет орындарына шығып, түрлі жағдайда жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің қыр-сырын үйретеді. Ең бастысы, кез келген жағдайда салқын қанды болып, дұрыс шешім қабылдау қажет.

– Алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерімен танысудың реті келгені біз үшін таптырмайтын мүмкіндік болды, – дейді «Идеал маркет» ЖШС облыстық филиалының директоры Павел Федоров. — Тұрғындардың көп санымен жұмыс істейтіндіктен біз үшін клиенттеріміздің қауіпсіздігі алғашқы орында тұр.

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған