Павлодар облысында жолдарды жөндеуге 54 миллиард теңге жұмсалды

Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен арнайы жиында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ринат Қойсоймасов мәлім етті.

— Биыл мыңнан аса шақырым жол жөнделді, — деді Ринат Қойсоймасов. – Бұл шараға 54 миллиард теңге жұмсалды. Оның 12,4 миллиарды жергілікті жолдарды, ал 42 миллиарды республикалық жолдарды жөндеуге жұмсалды. Жылдың соңына дейін барлық учаскелердегі жұмыс толықтай аяқталады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес туризм дамып жатқан елді мекендердің жолдарында жөндеу жүрізуге басымдық беріледі. Баянауыл ауданында алты миллиард теңгеге 10,7 шақырым жол жөнделіп жатыр.

 

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы