Павлодар облысында жыл соңына дейін екі жаңа кірпіш зауыты ашылады

Кәсіпорынның қуаттылығы айына 3 млн кірпіш шығаруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Болат Бақауов мәлім етті.

— Қазақстандағы шыны өнімдерін өңдеу және сату бойынша ірі кәсіпорындардың бірі «Стекломир» компаниясы үш қабатты шыны — «Триплекс» өндіретін жаңа цех ашуды жоспарлап отыр. Осы жоба бойынша инвестиция көлемі шамамен 2,5 млрд теңгені құрайды. Жолдаудың басымдылығы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде экспортқа бағдарланған индустрияландыруға басты назар аударудамыз, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша,  өңірде шикізат емес тауарлар экспортының көлемі өткен жылы 2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл — 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3 есе артық. Ағымдағы жылдың басынан бастап экспорттық жеткізілімдердің көлемі 1,2 млрд АҚШ долларына жетті. Ертіс өңірі кәсіпорындарының өнімдері жыл сайын әлемнің 40-қа жуық еліне экспортталады. Отандық өнім экспортын арттыру мақсатында жаңа өткізу нарықтары игерілуде.

— Мысалы, Екібастұз МАЭС-1 биылғы жылдан бастап Өзбекстан нарығына электр энергиясын жеткізуді бастады, — дейді Болат Бақауов. – «Вектор Павлодар» ЖШС жеңіл балқитын автомобиль дискілерін Ресей Федерациясына экспорттайды. Экспорттық өндірістерді дамыту үшін  «Павлодар» АЭА үлкен әлеуетке ие.

Бұл аумақ биылғы жылы Дүниежүзілік еркін экономикалық аймақтар ұйымының өкілдігі мәртебесіне ие болған.

 

 

Ақпарат және суреттер «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынды