Павлодар облысында жыл соңына дейін сегіз ветеринарлық-санитарлық бақылау бекетін ашу жоспарланып отыр

Ветеринарлық бекеттердің бесеуі Ресей Федерациясымен шекарада, үшеуі Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының шекарасында орналасады. ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті обылстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашит Нұрбеков бұл шаралар еліміздің өзге облыстары мен Ресейден түрлі инфекциялардың енуіне жол бермеу үшін жүргізіліп жатыр.

Осы жылдың мауым айында Успен ауданының Ресеймен шекарасында «Қосақ» ветеринарлық бекеті ашылды. Бекет ҚР ҰҚК Шекара қызметінің шлагбауымынан 40 метр жерде орналастырылды. Бекетте облысымызға әкелінентін жануарларға ветеринарлық бақылау жүргізу үшін қажетті барлық құралдар мен жабдықтар бар. Жыл соңына дейін осындай ішкі бекеттер Май, Баянауыл, Аққулы аудандарында Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының аумағымен түйісетін шекарасында ашу жоспарланып отыр.

— Успен ауданындағы бекет ашылғаннан бері ветеринарлық-санитарлық инспекторлар 255 мың тонна жүкті тексеруден өткізді, — деді Рашит Нұрбеков.  – 80 жылқы тиеген екі автокөлік ветеринарлық құжаттары дұрыс болмағандықтан шекарадан өткізілмеді.

Барлық ветеринарлық бекеттерде полиция қызметкерлері, ветеринарлар және мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері тәулік бойы күзетіп тұрады.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы