Павлодар облысының Ертіс ауданының мектебінде  «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

 

Павлодар облысы Ертіс ауданының Панфилов жалпы орта білім беру мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатына Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Жаңбырбай Сағынаев, мектеп директоры Дархан Абдраев және зиялы қауым өкілдері қатысты.  

Кабинеттің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жаңбырбай Сағынаев ұстаздар мен оқушыларды «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылуымен құттықтады.

– Рухани жаңғыру» кабинеті оқу орнымыздың даму тарихын, тарихи және мәдени естеліктерін сақтау мен оқушылардың ұлттық мақтанышын қалыптастыру, сондай-ақ, патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылып отыр, – деді Жаңбырбай Сағынаев.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нурия Көбенова іс-шараға қатысушыларды кабинеттің ашылуымен құттықтап, рухани жаңғырудың мән-мағынасын, жастарымызға дұрыс жол таңдауға, болашағын дұрыс айқындауға көмектесетін орталық болатынына сенімін білдірді.

Мекктеп оқушылары Ертіс-Баян өңірінің киелі жерлер картасы мен қазақ әліпбиінің шығу тарихы, сондай-ақ, ұлт мақтаныштарынан бастап бүгінгі күннің 100 жаңа есімі де атап көрсетілген стендтермен таныстырып өтті. Бұл кабинет жастарды таңбалы тастар тарихымен танысып, таным көкжиегін кеңейтуге жол ашпақ.

Панфилов жалпы орта білім беру мектебінің директоры Дархан Абдраев: – Алдағы уақытта бұл кабинет бізге оқушыларымыздың білімін, тәрбиесін, рухани жаңғыруын және қазағымыздың салт дәстүрін дәріптеуде негізгі мақсат болады деп ойлаймын. Болашақта Рухани жаңғыру кабинеті пән сабақтарын өткізетін орын ғана емес, тағылымды тәрбие беретін мекенге айналады.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Сонымен қатар, осы мектепте ұстаздардың замануи кабинеті – Teacher office-ің ашылу салтанаты өтті. Лента қию рәсімін Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Жаңбырбай Сағынаев пен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нурия Кубенова өткізді. Кабинет компьютерлік техникалармен, заманауи жиһаздармен жабдықталған. Жаңа форматтағы кабинет мұғалімдерге жұмыс жасау үшін қолайлы орын болмақ.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.