Павлодар облысының ардагерлеріне Жеңіс күніне орай жарты миллион теңге сыйлық беріледі

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов облыс орталығында тұратын бірнеше ардагердің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы Геннадий Малыгин, Петр Ташлыков, Василий Попов, Сергей Выжутович пен Айып Нұрғалиевтің отбасыларына барып, оларды алад келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, денсаулық тіледі.

— Өкінішке қарай, жыл сайын ҰОС ардагерлерінің саны азайып келеді. Оларға тек Жеңіс күні қарсаңында ғана емес, жыл бойы қамқорлық көрсету біздің парызымыз, — деді облыс әкімі. – Биыл біз әр майдангерге Жеңіс күніне орай 500 мың теңге көлемінде сыйлық әзірледік. Ардагерлер мен олардың отбасының ішінде туындаған мәселелерді шешуге баса назар аударатын боламыз.

Қазіргі таңда Павлодар облысында Ұлы Отан соғысының 72 ардагері тұрып жатыр.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы