Павлодар облысының басшылығы Нұр Сұлтанда өткен ХІІ экономикалық форумда шетелдік инвесторлармен келісім жасасты  

Қазақстанның елордасында Павлодар облысының әкімдігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің «CANARAX Dutch B.V» компаниясы арасында коммерциялық құжатқа қол қойылды. Аталмыш ұйым металл саудасына мамандандырылған ауыр өнеркәсіп фирмасы болып табылады. Меморандум өзара тиімді ынтымақтастық, түсіністік және сенім қағидаттарына сүйене отырып жасалды.

—        Құжатқа өңір басшысы Болат Бақауов пен «CANARAX Dutch B.V» құрылтайшысы Нитин Бхаднагар қол қойды, — деді облыс әкімінің басрасөз қызметінде. – Компания Павлодар облысының аумағында техникалық кремний өндіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін инвестициялау мүмкіндігін қарастыру ниетін білдірді. Бұдан басқа, АҚШ-тан келген «Valmont Industries, Inc» компаниясымен сыртқы сауда жөніндегі вице-президент Джошуа Диксон арасында меморандумға қол қойылды. Жоба ауыл шаруашылығы саласындағы американдық технологиялардың соңғы жетістіктерін, оның ішінде озық ирригациялық жүйелерді, өсімдік шаруашылығын басқару технологияларын, сондай-ақ мониторинг пен бақылауды көрсетуге бағытталған

Айта кету керек, «Valmont Industries, Inc» — инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығы нарықтарына арналған өнімдер мен қызметтердің жетекші өндірушісі және дистрибьюторы, инженерлік өнімдер саласындағы әлемдік көшбасшы. Компания өкілдері ағымдағы жылдың сәуір айында «Пахарь» ЖШС-мен кездесіп, өз техникасы мен жабдықтарын көрсету үшін 500 га жер телімін бөлу туралы келіскен болатын.

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы