Павлодар облысының әкімі инвесторларға жағдай жасауды жүктеді

«Павлодар» АЭА өңірінде осы жылы он тоғыз жаңа жоба құрылысын бастау жоспарлануда, оның жетеуі жылдың соңына дейін қолданысқа енгізіледі. Ол туралы облыс әкімі Болат Бақауовтың көшпелі отырысында басқарушы компанияның атқарушы директоры Айбек Тұрсынғалиев хабарлады. 

Жобадағы осы пулдың жалпы көлемі 119 млрд. теңгені құрайды, олардың ішінде осы жылы 32 млрд.теңгені игеру жоспарлануда. Осыған орай жыл соңына дейін инвестициялардың жалпы көлемі 100 млрд.теңгені құрайды. Өндірілген өнімдердің көлемі 120 млрд.теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар экспортты жеткізілім географиясы кеңеюде. Біз өзіміздің өнімді 20-дан аса мемлекетке жеткізудеміз. – деп атап өтті Айбек Тұрсынғалиев.

Өңір басшысы алдыңғы кездесу барысында арнайы экономикалық аймақ резиденттері қойған мәселелердің орындалуына назар аударды. Яғни,  өңір басшысы  «Guissenhouse» ЖШС өкілі кәсіпорынға теміржол торабын жүргізуге көмектесуін өтінгенін еске салды.

«Guissenhouse» ЖШС өкілі облыс әкімін экспортқа 3 % кеден салығын төлемеу жөніндегі олардың бастамасын Ұлттық экономика министрлігінде қолдауды өтінген болатын. Кәсіпорын алюминий қоспалауды Өзбекстанға  жеткізуді бастаған және екі ірі партияны жөнелтті. Осы ретте, сыртқы нарықтағы экспорттық өнімдердің бағасы айтарлықтай төмен, кәсіпорын өндіріске кететін шығынға шамалас табыс ала алмайды.

Инвестициялар мәселелері жөніндегі облыс әкімінің орынбасары Арыстан Кабыкенов мемлекет отандық өндірушілердің тасымалдауға кететін шығындарын өтеу аясында экспорттық өнімдерді шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын атап өтті.   Болат Бақауов инвесторлар қажетті инфрақұрылымның бөлінетіндігі белгісіз болғандықтан кей кезде өзінің немесе қарызға  алынған қаражаттарды салуға қауіптенетінін атап өтті. Бұл бірінші кезекте жылу және сумен қамту, көлік тораптарының төселуіне байланысты. Басқарушы компанияның басты міндеттерінің бірі – арнайы экономикалық аймаққа инвестициялар тарту. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға және жаңа өнімдерді соның ішінде экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. – деп атап өтті облыс әкімі.

Болат Бақауов компания қызметкерлерінің «Павлодар» СЭЗ имиджін арттыру бойынша халықаралық аренада да жақсы жұмыс істегендерін атап өтіп, отандық және шетел мемлекеттеріндегі біздің республикамыздың елшілерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Әлихан Рахметоллаұлы