Павлодар облысының әкімі өңір кәсіпкерлерімен бейресми кездесу өткізді


Павлодар облысының әкімі сексенге жуық өңір кәсіпкерлерімен бейресми кездесу өткізіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Ашық алаңда өткен кездесу барысында Болат Бақауов кәсіпкерлерге өздерін толғандырған сауалдарды қойып, еркін пікірлесуге шақырды.

Foto Valeriy BUGAYEV
Foto Valeriy BUGAYEV

Аймақ басшысының айтуынша жергілікті билік халықпен байланыс орнатуда түрлі әдістерді қолданып жатыр.  Кәсіпкерлермен кері байланыс орнату үшін жеке алаңдар құрылатын болады.

— Бізді толғандыратын басты мәселе – өңірдегі шағын және орта бизнесті дамыту, — деді Болат Бақауов. – Сондықтан мен әр кәсіпкерге: Сіз үшін не істей аламыз дегім келеді. Біз өз тарапымыздан бизнесті қолдау үшін барлық жағдайды жасауға әзірміз.

Кәсіпкерлер бұл ұсынысты қызу қолдап, өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдармен бөлісті. Олардың көпшілігі үшін бұл кездесу идеяларымен бөлісу үшін ғана емес, өзге әріптестерімен кездесіп, болашақта бірлескен жобаларды қолға алуға таптырмайтын мүмкіндік болды.

— Біз үшін мұндай кездесулер аса маңызды, — Ertis Business Association кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы Аслан Құнияров. – Сондықтан біз аймақ басшысының ұсынысын қызығушылықпен қабыл алдық.

Foto Valeriy BUGAYEV
Foto Valeriy BUGAYEV

Іскери кездесу барысында жиналғандардың алдында Нұр-Сұлтан қаласынан келген қонақтар сөз сөйледі. Олардың ішінде Қазақстанның индустрия және экспорт орталығы директорының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов те болды. Ол жоғарғы сапалы өнім шығаратын өңдеу кәсіпорындары өздерін тауарларын экспортқа шығару үшін қолдау көрсететіндіктерін айтты. Құбырлар мен кабельдерді шет елге сататын кәсіпорындар жол шығындарын өтеу үшін тапсырыс беріп, 200 миллион теңгеге дейін өтемақы алуларына болады.

— Әрбір кәсіпкер қолдау бағдаралмалары туралы ақпаратты веб-сайттардан немесе баспа өнімдерінен алған кезде түрлі сауалдар туындауы мүмкін, — деді Тұрар Жолмағамбетов.  – Сондықтан біз осындай бейресми кездесулер барысында барлық қызықтыратын сауалдарға жауап беруге әзірміз.

Кездесу кезінде бизнесмендер өздерінің проблемалары туралы да айтты. Мәселен, Fresh Milk ЖШС-ің директоры Олег Толмачев өздері жасап шығаратын сүт өнімдерін шет елге шығара алмай отырғанын айтты.

— 2017 жылы біздің компания Гонконгте өткен халықаралық көрмеге қатысты, 2018 жылы Лондонға бардық. Сол көрмелерде біз бірнеше шет елдік компаниялармен шарт жасасқан едік, — деді бизнесмен. – Қазіргі кезде түрлі қағазбастылыққа байланысты құжаттарымызды рәсімдей алмай жатырмыз. Шет елдік нарыққа шығу үшін бізге қолдау қажет.

Павлодар облысының әкімі кездесуде қойылған барлық сауалдарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта да мұндай кездесулер өткізіп тұратынын айтты.

Әлихан Рахметоллаұлы