Notice: Constant WP_DEBUG already defined in /var/www/www-root/data/www/minialgo.kz/wp-config.php on line 52
Павлодар облысының әкімі құрылыс компанияларын жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға шақырды – “ЕлАна” әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты

Павлодар облысының әкімі құрылыс компанияларын жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға шақырды

Облыстық әкімдікте өткен жиналыста Болат Бақауов ірі нысандарды салу кезінде жергілікті тауарларды пайдалану мәселесін көтерді. Аймақ басшысының айтуынша, коммуникациялар тарту және үйлердің құрылысын жүргізу кезінде павлодарлық кәсіпорындарда өндірілетін тауарларды мүмкіндігінше көбірек пайдалану керек.

– Жергілікті жиһаз компанияларының өнімдері тұрғанда шет елдік компаниялардың тауарларын сатып алу ақылға сыймайды, – деді ол. – Өкінішке орай, жергілікті тауар өндірушілер мен құрылыс компаниялардың арасында түсініспеушілік бар. Құрылысшылар жергілікті тауарлардың бағасына наразы болса, павлодарлық кәсіпорындар өздерінің тауарларын өткізе алмай әлек. Нәтижесінде, біз құбырларды Қарағанды облысынан, ал сэндвич-панельдерді Ресейден сатып аламыз. Осы тауарлар өзімізде де өндіріледі. Ендігі басты міндет, екі жақты келісімге келу болып тұр.

Тағы да бір проблема, құрылысшылар облыста өндірілетін құрылыс материалдарының ассортиментін білмейді. Мәселен, арнайы экономикалық аймақтағы «СНН» ЖШС-і құймалы өндіріспен айналысады әрі олардың тауарлары Шығыс Қазақстан облысында сұранысқа ие. «RTF PVL» ЖШС-і Павлодарда салынып жатқан үйлерге қажетті жуыну раковиналарын жасап шығарады.

— Қазір бізде «Сарыарқа» шағын ауданында қызу құрылыс жүріп жатыр, жақында «Достық» шағын ауданында құрылыс жұмыстары басталады. Екібастұзда отын-энергетика кешені мамандарын адярлайтын оқу орталығының құрылысы да жанданды, – деді әкім. – Құрылыс  нысандарында павлодарлық раковиналарды орнату мәселесін қарастыруға болады.

Бизнесмендердің пікірінше павлодарлық қрылысшылар мен өндірушілер бұл жұмысты тікелей бақылауға алулары тиіс. Облыс әкімі бақылау жұмыстарына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен «Nur Otan» партиясын тартуды ұсынды.

– Құрамында өңірлік құрылыс басқармасының өкілдері бар комиссия кез келген нысанды тексергенде құрылыс сапасын ғана емес, қазақстандық материлдардың пайдаланылуын да тексеруі қажет, – деді «Казэнергокабель» АҚ-ың басшысы  Владимир Бобров. – Комиссия құрамында құрылысшылар да, тауар өндірушілер де болуы керек. Жол жөндеу мамандары жұмыста қандай материалдар қолданылатынын жақсы біледі. Сондықтан да, жол жөндеу кезінде сапасыз битум немесе қиыршық тас қолданылғанын көрсе, олар бұл туралы дабыл қағулары керек.

Айта кету керек, облыс әкімінің төрағалығымен кәсіпкерлер палатасында өткен бірнеше жиналыстан кейін құрылысшылар Павлодарда өндірілетін полистиролды қолдана бастады. Бұған дейін мердігер ұйымдар салынып жатқан үйлерді жылыту үшін еліміздің өзге өңірлерінен немесе шет елден әкелінетін минералды мақтамен тығыздайтын еді.

– Мәселенің түйіні жобалаушылардың көп қабатты үйлердің құрылысының сметасына полистиролды енгізбегінде болып тұр, – деді  «Стирол» ЖШС-ің басшысы Валерий Симаков. – Қазіргі кезде бірнеше үйдің ЖСҚ-ын қайта жобалап, өзіміздің өнімді мердігерлерге ұсына алатын болдық. Мәселен, «Жәрдем» ЖШС-і қазірдің өзінде біздің полистиролды сатып алады. Өзге құрылыс компаниялары да әрекеттесуге әзір.

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған