Павлодар облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 94 жастағы майдангер Ғабдолла Мусинов пен 96 жастағы Сембай Темешевтың шаңырағында болып ,ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Соғыс қатысушыларына мерекелік гүл шоқтарымен бағалы сыйлықтарын табыстаған әкім қариялармен емен-жарқын әгімелесіп, қал-жағдайларын сұрады.

— Біз және біздің буын әрдайым сіздердің ерліктеріңізді есте сақтаймыз. Өйткені сіздер бізге бейбітшілік пен тыныштықты сыйладыңыздар. Ең бастысы денсаулықтарыңыз мықты болсын, — деді облыс әкімі.

Өз кезегінде майдангерлер мерекеге орай уақыт бөліп келген аймақ басшысы Болат Бақауовқа алғысын білдіріп, Даңқ ескерткішіндегі салтанатты митингке қатысуға баратынын атап өтті.

Айта кетейік, Ғабдолла Мусинов әскерге 1943 жылы 18 жасында шақыртылған. Алғашында пулеметтен атуды үйреніп, кейін танк мектебінде білім алды. Оқудан соң үшінші Белорус фронтына аттанып, Т-34 танкін жүргізген. 1944 жылы ауыр жарақат алды. Ұлы Отан соғысының І дәрежелі Орденімен, «Ерлігі үшін», «1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германиядағы жеңісі үшін» және басқа да мерейтойлық мадальдармен марапатталған. 4 баладан 8 немере мен 1 шөбере сүйіп отыр. Сембай Темешев 1942 жылы әскер қатарына аттанған. Украина фронтында болған. 1994 жылы екі аяғынан ауыр жарақаттанған. Ұлы Отан соғысының Орденімен және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған. Бүгінде 6 баладан 11 немере сүйіп, 12 шөберенің атасы болып отыр.

Өз тілшіміз