Павлодар облысының әкімі арнайы техниканың алдағы қысқа дайындығын тексерді
Облыс орталығында мамандандырылған және коммуналдық автокөліктердің қысқа дайындығы тексерілді. Арнайы техниканы байқауға Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысты.
Оның айтуынша, қалалық билік Павлодарды тазалауға шығатын мердігерлердің жұмысын қатаң бақылауға алуы тиіс.
— Бұл тәжірибелі мердігер ұйымдардың машиналары жеткілікті және қаланы жақсы біледі, — деді аймақ басшысы. — Бірақ олардың жұмысын кез келген жағдайда қадағалау керек.
Павлодарлық коммуналдық қызметкерлердің иелігінде 100 техника бар. Бұл — құм шашқыштар, жүк тиегіштер, грейдерлер және басқа машиналар. Қала басшысы Қайрат Нүкенов атап өткендей, облыс орталығында қыстың келуіне дайын.
— Сот шешімі бойынша біз ас тұзын көктайғақ кезінде пайдалана алмаймыз, — деді қала әкімі. — Өкінішке орай, тәжірибе жол бөлігін бір құммен себу жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Қазір біз жолдарда мұз жамылғысымен күресу үшін қоспаға қандай ингредиент қосу керек екенін ойластырамыз.
Өз техникасын өңірлік төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері таныстырды. Осы жылы павлодарлық құтқарушылар автопаркі «Трэкол» маркалы екі жаңа жол талғамайтын көлікпен толықты. Олардың бірі облыстық бюджет есебінен сатып алынса, екіншісін ТЖ комитеті ұсынған.
— Бүгінгі күні біз 34 техниканы пайдаланамыз, оның 9-ы ерекше мақсаттағы, — дейді ТЖ департаменті авариялық-құтқару жасағының жетекшісі Владимир Власов. – «Трэкол» батпақ жолдарда жүретін техника халықты эвакуациялауға және құтқарушыларды кез келген климаттық жағдайда, кез келген ауа райы кезінде жеткізуге арналған. Биылғы жылы біздің қолымызда осындай үш жол талғамайтын техника бар.
Ақпарат және суреттер «Pavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынды