Павлодар облысының әкіміне «Үздік әлеуметтік әріптес» белгісі табысталды

Ел кәсіподақтарның атынан аймақ басшысына белгіні Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы басшысының орынбасары Мұхтар Тінікеев тапсырды. Елордалық қонақтың айтуынша кәсіподақ қозғалысының басшылығы үздік әлеуметтік әріптестерді осы белгімен марапаттайды.

Болат Бақауовтан бөлек мұндай айрықша белгі Қазақстанның вице-премьері  Бердібек Сапарбаев пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа берілді.

Республикалық кәсіподақтар федерациясының мәлеметі бойынша Павлодар облысы ұжымдық келісім шарт жасау бойынша көш бастап келеді. Еңбекшілер қауымының құқықтарын қорғауға арналған ұжымдық шарттар өңірдегі 5707 кәсіпорында жасалған. Бұл көрсеткіш аймақтағы барлық кәсіпорындардың 91,3 %-ын құрайды. Сонымен қатар, облыста жұмыс істейтін 399 мың адамның ішінде 146 мың жұмыскер кәсіподақ мүшелерінің қатарында.

 

Әлихан Рахметоллаұлы