Павлодар облысының барлық білім мекемелерінде Тұңғыш Президент күніне орай сынып сағаттары өтті

Өңірдің барлық колледж студенттері, 1-11-сынып оқушылары арасында өтіп жатқан ашық сабақтардың ортақ тақырыбы — «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» болды.  Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, іс шараларда дәріс оқуға мәжіліс депутаттары, өңіріміздің құрметті азаматтары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, атақты спортшылар, жастар ұйымдарының көшбасшылары шақырылды. 

Ашық сабақтың мақсаты — тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбегінің маңызын ашу, еліміздің Тұңғыш Президентіне деген мақтаныш сезімін, патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

«Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Павлодар мемлекеттік педагигкалық университетінің оқытушысы, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Замзагүл Сабданбекова  оқушыларға еліміздің қалыптасу жолындағы тұңғыш Президентінің рөлі мен Елбасының ел тарихындағы елеулі рөлін айтып өтті.

— Бүгін мектебімізде Елбасымыздың өмір жолына арналған ерекше іс-шара өтті, — дейді облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, оқу ордасының 10-сынып оқушысы Сапарғали Әлиасқар. — Ұлт көшбасшысының еліміздің қалыптасу жолында атқарған еңбегі орасан зор. Менімен қатарлас әр оқушы мұны білуі тиіс. Инженер болуды және Назарбаев униврситетіне түсуді армандаймын. Тарих, география пәндеріне де қызығамын. Осы бағытта олимпиадаларға да қатысып жүрмін. Сондықтан бүгінгі сабақтан түйгенім мол.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шаралар мен арнайы көрмелер ұйымдастырылады.

 

 

Ақпарат және суреттер «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынды