Павлодар облысының екі ауданында жаңа әкімдер тағайындалды
Ертіс ауданын Аян Бейсекин, ал, Успен ауданын Николай Дычко басқаратын болды.
Екі ауданның жаңа әкімдерін аудан активтеріне аймақ басшысы Болат Бақауов таныстырды. Ол Аян Бейсекин мен Николай Дычконың кандидатуралары Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихаттармен келісілгенін айтты.
— Жалпы алғанда аудандардың экономкиасын көтеріп, шағын және орта бизнестің жұмысын белсендіру қажет, — деді Павлодар облысының әкімі жаңа аудан басшыларына.
Аян Уахитұлы 1987 жылы дүниеге келген. 2008 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры» мамандығы бойынша және 2013 жылы «Болашақ» бағдарламасы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы «Республикалық дебатерлар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып бастады. Кейін, 2013 жылға дейін Астана мен Мәскеу қалаларының мемлекеттік емес құрылымдарында жұмыс істеді. 2013 жылдың шілде — қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасында персоналды басқару бөлімінің консультанты болып қызмет атқарды. 2013 – 2014 жылдар аралығында Железин ауданы әкімінің аппарат басшысы болды.
2014 жылдың маусым айы мен 2015 жылдың қыркүйек айы аралығында Солтүстік — Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі индустриялық-инновациялық даму секторының меңгерушісі, Солтүстік-Қазақстан облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2015 — 2017 жылдар аралығында Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.2017 жылғы мамырдан 2018 жылғы сәуірге дейін Железин ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. 2018 жылғы 28 сәуірден бастап осы күнге дейін Павлодар қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.
Николай Васильевич 1965 жылы туған. 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік ашық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2000 жылы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Электр жабдықтау» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1984 жылы «Екібастұзкөмір» өндірістік бөлімі «Северный» разрезінде экскаватор машинисінің көмекшісі болып бастап, 1999 жылға дейін осы ұйымда электрмонтер, электрмеханик, учаске бастығы, бас энергетик лауазымдарына дейін көтеріліп, өсудің барлық сатыларынан өтті. Әр жылдары «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС Екібастұз филиалында, «Монтаждық-баптау басқармасы» ЖШС-де және «Грань» ЖШС-де еңбек етті.
2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2006–2013 жылдары — Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, 2013–2015 жылдары — Павлодар облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы, 2015 – 2017 жылдар аралығында өнеркәсіптік даму, кәсіпкерлік, сауда және туризм мәселелері бойынша Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2017-2018 жылдары Ақсу қаласының әкімі болды. 2018 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев