Павлодар облысының тұрғыны көне ұлттық рецепт бойынша ірімшік жасайды   

 

Шарбақты ауданы Хмельницкий атындағы ауылдың тұрғыны Мәдина Мұхтарова «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша білім алып, өз кәсібін бастады. Қазір ол қолындағы бес сауын сиырға қоса тағы да мал алу мақсатында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына өтініш берді.

— Өз қораңдағы малдың өнімін сатып, жақсы табыс табуға болады, — дейді Мәдина Мұхтарова. – Әрі өз отбасыңды да табиғи өнімдермен қамтамасыз етесің. Біз малға қажетті жем-шөпті өзіміз әзірлеп, барлық жұмысты өзіміз істейміз. Қысқы қора-қопсыны да өз күшімізбен жөндейміз.

Кәсіпкер «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша білім алып, өзінің кішігірім өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде ол көне ұлттық рецепт бойынша ірімшік әзірлейді. Сонымен қатар, сүттен жент, құрт сияқты ұлттық өнімдер жасап, май шайқайды. Мәдиан Мұхтарова өзінің өнімдерін облыс орталығына жеткізіп, ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне тұрақты қатысып тұрады. Сондай-ақ, ол жазғы уақытта дәмді тоқаштар мен бәліштер пісіріп, Маралды курорттық аймағындағы демалушыларға сатады.

Айта кету керек, 9 қыркүйектен басталатын «Бастау Бизнес» кәсіпкерікі негіздеріне оқыту курстарына облыстың 1625 тұрғыны қатысады.

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы