Павлодарда өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда Май ауданындағы Қалмаққырған тарихи орны туралы талқыланды

Ғалымдар мен қоғамдастық өкілдерінің кездесуі Торайғыров университетінде өтті. Конференцияға Павлодар облысының әкім Болат Бақауов қатысты.  

Ол өңір тарихшылары XVIII ғасырда Сарыарқа жерінде орын алған маңызды оқиға – Павлодар облысының Май ауданындағы Қалмаққырған шайқасын зерттегенін атап өтті. Қолда бар деректерге сәйкес бұл жерде он сегізінші ғасырдағы қазақтар мен қалмақтар арасындағы шайқастардың соңғы кезеңдері орын алған.

– Осы оқиға туралы деректердің мардымсыздығы ұзақ уақыт бойы ғалымдарға шайқастың толық картинасын қалпына келтіруге кедергі болды, – деді аймақ басшысы. – Архивтік құжаттарды зерттеудің арқасында оқиғалардың реттілігі, Баянауыл тауларын қорғаған сарбаздардың болжалды саны мен Қалмаққырғандағы шешуші шайқастың көрінісі қалпына келтірілді.  Зерттеушілер көптеген жазбаша, картографиялық, этнографиялық материалдарды жинақтап, олардың негізінде шайқастың реконструкциясын жасады.

Павлодар облысының тарихын зерттеу жұмыстары алдағы жылы да  жалғасатын болады. 2020 жылы Сабындыкөл-3 жерлеу кешенін және Бөрілі кешеніндегі ежелгі малшылардың тұрақтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Алтын Орданың 750-жылдығына орай Әулиекөл мавзолейлері қалпына келтіріліп, кесенелер орналасқан аумақ абаттандырылады.

Конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Дүние жүзі тарихы кафедрасының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ирина Ерофеева шақырылған қонақ ретінде қатысты. Ол – қазақ-жоңғар тарихы бойынша ірі отандық маман және Халықаралық Қожа-Ахмет Йассауи атындағы қазақ-түрік университетінің құрметті профессоры.

– Конференция Қазақстанның киелі тарихының маңызды аспектісіне арналып отыр, – сказала она. – Қазіргі кезде бұл маңызды бағыт еуропалық ғылым кеңістігінде де дамып келеді. Қазір мен профессор Катрин Пужоль басшылық жасайтын Францияның Орталық Азия институты  жүргізіп жатқан «Тарихи орындар» жобасы бойынша жұмысымды тәмамдап жатырмын. Парижде жарық көріп, Еуропа мен ТМД елдері арасында таралатын кітапта Павлодар мен Қарағанды облыстарының аумағындағы «Қалмаққырған» тарихи орындары туралы арнайы мақалам жарық көреді.

Торайғыров университетіндегі конференция барысында қазақ халқының көшпелі өмір салты қалпына келтіріліп,  тарихи деректі фильм көрсетілді. Сонымен бірге, арнайы фотокөрмеде конференция қатысушылары Қалмаққырғанда жүргізілген археологиялық қазбьа жұмыстары туралы мағлұмат алды.

 

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген – Валерий Бугаев

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.