Павлодарда 40 мыңнан астам оқушы күзгі демалыста түрлі шаралармен қамтылады

2019 жылдың 28 қазаны мен 4 қарашасы аралығындағы күзгі каникул кезінде Павлодар қаласының мектептері мен мектептен тыс мекемелерінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 40 мыңнан астам оқушысы түрлі қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен клубтарға қатысады. Қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру жұмыстары қаланың 8 мектептен тыс мекемесінде және 17 аулалық клубта жүргізіледі.

Қосымша білім беру мекемелерінде оқушылар музыкалық, техникалық, көркем, лингвистикалық іс-шараларға, экскурсияларға, спорттық жарыстарға қатысады. Сондай-ақ Ж. Аймауытов атындағы театрға, Чехов атындағы драма театрға, кинотеатрларға бару жоспарда бар.

– 28 қазан күні қалалық білім беру бөлімі мен мәдениет басқармасының «Мұражай достарын шақырады» – «Музей достарын шақырады» бірлескен акциясы басталады, – дейді бөлімде. – Акция оқу жылының соңына дейін жалғасады. Мектеп оқушылары үшін музей қызметкерлері қызықты бағдарлама ұсынады.

28 қазан күні № 7 мектепте «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі 30-дан астам оқушы қатысатын «Алма бағы» атты алма бағының негізін салады. 2019 жылғы 28 қазан – 4 қараша аралығында 34 мектептің 5-11-сынып оқушылары үшін математика, физика, биология, химия, география, информатика, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі бойынша мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан «Жас ғалым» және «Алтын сын» олимпиадалық резерв мектебі бойынша сабақтар өткізіледі.

2019 жылы 28 қазанда 2-4-сынып оқушылары қалалық «Бастау» математикалық турниріне қатысады. 29 қазан – 2 қараша аралығында Алматы қаласында № 5 ЖОМ 16 оқушысы 3 күндік экскурсия жоспарлануда. Бурабайдағы Ботай мәдениеті мұражайына № 29 ЖОМ 9 оқушысы, Нұр-Сұлтан қаласына тақырыптық экскурсияға № 9 ЖОМ 6 сыныптың 15 оқушысы барады. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында балалар экология және туризм орталығының 50 тәрбиеленушісі Шарбақты ауданының киелі орындарына саяхаттайды.

31 қазанда қаланың 37 жалпы білім беретін мектептерінің 8-11-сынып оқушылары 16 секция бойынша (физика, жер және ғарыш туралы ғылым, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, өлкетану, адам және қоғам, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімі) республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне қатысады.

Ақпарат және сурет «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.