Павлодарда 500-ге жуық мұғалім ашық сабақтар өткізді

1- 24 қазан аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің ашық сабақтары өтті. Қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың мәлімдеуінше, ашық сабақ өткізуге 494 педагог өтініш берген. Оның ішінде шеберге – 18, зерттеушіге – 295, сарапшыға – 108 және модератор бойынша 73 өтініш келіп түскен.

– Сабақтарға қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері, пән мұғалімдері, мектептің жас педагогтары және ата-аналар қатысты, – дейді Балжан Әділханова. – Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында мұғалімдер сабақта постерлер, ментальдық карталар, топтық презентациялар түрінде шағын-жобалар жасау бойынша қалай жұмыс істейтінін дескрипторларға сәйкес критериалды бағалау әдістерін көрсетті. Педагогтар талап етілген нәтижені қамтамасыз етіп, оқытудың оң динамикасын және кәсіби құзыреттілік деңгейін көрсете алды.

Сондай-ақ, бөлім маманы балалардың сабақтардағы белсенді жұмысы, олардың ақпаратты талдай және өңдей білуі, өз топтарының жұмыстарын қорғау кезінде көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары басты назарда болғанын атап өтті.

Ақпарат және суреттер «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.