Павлодарда әуежай ауданындағы 55 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталды


Павлодар қаласындағы әуежай ауданындағы 73 пәтерлік 55 тұрғын үйге арналған жеке тұрғын үй жобасын жүзеге асыру басталды. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Райысов  айтты.

—  Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша конкурстық рәсімдер өткізілуде, — дейді Рүстем Райысов. — Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша конкурстық рәсімдердің нәтижелері 2018 жылдың 18-қыркүйегіне дейін  жалғасады. Бүгіннен бастап Павлодар қаласы келісімшартқа отыра алады. Құрылысты қыркүйек айынан  бастауды көздеп отырмыз.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл жерде үйлердің төрт түрі бар. Оның ішінде кірпіштен қаланатын нысандарға  павлодарлық «Жәрдем» фирмасы мен  «Эксперт строй экспо» ниет білдірген. Сондай-ақ, үй салу комбинаты  біреуіне қатысты өздері шыққан болса, екіншісіне қатысты компания тәжірибе жағынан өтпей қалған. Бұл жерде қала өздігінен шешім қабылдайды. Яғни, конкурсты қайтадан  немесе келесі жылы өткізуі мүмкін.

Облигациялық қарыздар қаражаты есебінен тұрғын үйлердің құрылысы қыркүйек айында басталады.  Жалпы ауданы шамамен 11 мың шаршы метрді құрайтын баспананың жалпы құны 1,6 млрд теңге.

 

Әлихан Рахметоллаұлы