Павлодарда ауыл әйелдерінің өңірлік форумы өтуде

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткен форумға 200-ден астам делегат пен қонақтар қатысуда.

Пленарлық сессияны “Жасыл экономика және G-Global дамыту Коалициясы” ЗТБ басқарма төрағасы, ҚР Президенті жанындағы жасыл экономикаға өту кеңесінің мүшесі Салтанат Рахымбекова ашты.

– Бұл аймақтарда өткізілетін жетінші форум, – деді пленарлық отырыстың модераторы. – Біз ауылды тұрақты дамыту, жұмыспен қамту, елдің жасыл экономикаға көшуі мәселелерін қарастыратын боламыз.

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың айтуынша, өңірде жыл сайын әйелдер ұйымдастырған және басқаратын кәсіпорындар саны артып келеді.

– Бүгінгі таңда облыста жұмыс істеп тұрған ұйымдар мен кәсіпорындардың жартысынан көбі әйелдер басқарады, дәлірек айтқанда, 20 мыңнан астамы. Біз нәзік жандылардың мемлекеттік маңызы бар істерді оңай игеретінін көріп отырмыз. Облыста жергілікті атқарушы органдарда басшылардың 37% -ы -әйелдер. Олардың жартысынан астамы ауылда тұрады және жұмыс істейді, – деп атап өтті Асхат Оралов.

“Менің жетістігімнің тарихы” дәстүрлі шеруде бірінші болып осы номинацияның лауреаты аудандық ХҚКО республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының бөлім бастығы Самал Аюпова сөз сөйледі.

Съезд делегаттары өз табыстарымен бөліседі: Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің әкімі Ирина Галлямова, Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі Сарышығанақ ауылының орта мектебінің директоры Қалимаш Баймұханова, Баянауыл ауданы Қаражар негізгі жалпы білім беру мектебінің оқытушысы Зура Жүсіпбаева, Баянауыл ауданы Майқайың кентінің көпбалалы анасы, жеке кәсіпкері Сәуле Абельдинова, Павлодар ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы, аудандық корейлер ЭМБ төрайымы Светлана Шин.

Іс-шара бағдарламасына практикалық сессиялар мен мастер-кластар да кіреді.

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кентінен “Достық” ШҚ басшысы Шолпанай Тұрдышева жыл бойы жылыжайда көкөніс пен жасыл желекті өсіру құпиясымен бөліседі.

“Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы” ЗТБ атқарушы директоры, WLP “Women Learning partnerships” фасилитаторларының жаһандық желісінің ұлттық жаттықтырушысы Ләззат Асқарова тұрақты даму саласындағы мақсаттарға жетудегі көшбасшылар туралы айтып береді.

Айта кету керек, форум ұйымдастырушылары – облыс әкімдігі, «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, G-Global халықаралық хатшылығы, «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ..

 

Әлихан Рахметоллаұлы