Павлодарда достық автошеруі өтті
Павлодарда «Ертіс»-«Атырау» футбол клубтарының ойыны басталмас бұрын, қаламызда автошеру ұйымдастырылды. Іс-шара «Ертіс» ФК және павлодарлық автоклубтармен бірлесе өткізілді. Қайырымдылық науқаны аясында, темір тұлпар иелері футбол клубымыздың жақын достары-Кенжекөлдегі отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәлімгерлеріне қонаққа барып, кейін оларды өздерімен бірге алып, қала көшелерінің бойымен қыдыртты.
Достық автошеруі барысында @svc_volunteers еріктілер орталығының белсенділері балақайларға ақ-көк түсте аквагрим жасады. Кішкентай жанкүйерлер стадионда командаға қолдау көрсетіп, матчтың соңына дейін дауыстарын аямай, жеңіске деген өз үлестерін қосты. Кенжекөлдегі балалар ауылы оқу мекемесінің басшысы Айжан Шамгалиеваның айтуынша тәлімгерлер ойыннан керемет көңіл күйде оралды.
— «Ертіс» біз үшін сүйікті клуб қана емес, ойыншылар жақын достарымызға айналды. Олардың ауылға келуі балақайлар үшін үлкен мереке. Жеңісті матчтан келе сала, олар ту ұстағандарын, қандай тәтті тағам жеп көргендеріп, футболшылардың ойыны жайлы әңгімелерін айтып, қуаныштарымен бөлісті. «Ертіс» ФК және біздің автоклубтарға алғысымыз шексіз, — дейді балалар үйінің тәрбиешісі.
«Ертіс» футбол клубы өз тарапынан аталмыш бастамаға ат салысып, қолдау көрсеткендері үшін @zello_voditeli_pavlodara1, @pavlodar_auto_14 @bmw_club_pavlodar, @honda_club_pavlodar, @mitsubishi_club_pvl, @Cars_in_pvl@jzx_pvl, @mazda_323_club_pavlodar, автоклубтарына алғыс білдіреді. Сонымен қатар жол жүру барысында қауіпсіздікті сақтауда демеу көрсеткен тәртіп сақшыларына да алғыстарын айтты.
Өз тілшімізден.