Павлодарда ерекше поэтикалық трамвай жолға шықты  

 

Қала кітапханашылары мен «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, әндерін орындады. Поэтикалық іс-шара қалалық трамвай басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.  

Компанияның маркетинг бөлімінің басшысы Наталья Теміғалина кәсіпорын басшылығы ерекше іс-шараны қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп жүзеге асырғанын мәлімдеді.

– Көріп тұрғандай, вагон ерекше стильмен безендіріліп, ұлы ақындардың портреттері ілінді. Ақындарын халық сүйіп оқитын өлең жолдарын жеке буклет етіп шығардық. Жолаушылар поэтикалық трамвайда рухани ләззат алып, поэзия әлеміне сүңги алады, – деді Наталья Темірғалина.

Ерекше вагонның ішінде әжелер мен кітапханашылар Абайдың, Мұқағалидың, Пушкиннің өлеңдерін оқып, бас ақынның «Айттым сәлем, Қаламқас» және «Көзімнің қарасы» әндерін орындады. Жолаушылар да өз өнерлерін ортаға салып, өлең оқыды.

№2 қалалық балалар кітапханасының қызметкері Гүлбану Кеңесбаеваның айтуынша акцияның басты мақсаты өскелең ұрпаққа қазқ поэзиясының жауһарларын таныстырып, рухани құндылықтарды насихаттау болып табылады.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.