Павлодарда «Ертіс дарыны» жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Осыдан біраз уақыт бұрын «Ертіс дарыны-2019» жастар сыйлығы конкурсына құжаттар қабылданған болатын. Міне, он аталым бойынша тағайындалған премия өз иелерін тапты. Әрбір аталмының жеңімпаздардына 500 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Қалалық Естай атындағы мәдениет сарайында өткен марапаттау рәсіміне облыс әкімі Болат Бақауов қатысып, Ертіс-Баня өңірінің дарынды жастарына шығармашылық шабыт тіледі.
Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының хабарлауынша, “Ертіс дарыны – 2019” жастар сыйлығы биыл бірінші рет тағайындалды. Яғни, биылғы жастар жылының құрметіне облыс әкімі Болат Бақауовтың қолдауымен қолға алынды. Сыйлық 10 номинация бойынша 20 адамға берілді. Атап айтар болсақ, «Білім және ғылым», «Журналистика», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Мәдениет», «Өндіріс қызметкері», «Кәсіпкерлік», «Ерлігі үшін», «Еріктілер», «Эстрада». Мақсаты әр салада биік белестерді бағындырып жүрген өңір жастарына қолдау көрсету.
Әр номинациядағы іріктеу нәтижесі бойынша «Қоғамдық қызмет» – Әйтім Құсайынов, Батырбек Қошқарбаев; «Ерлігі үшін» – Мансур Рамазанов, Әлібек Болатов; «Мәдениет» – Оразбек Бақытхан, Нелли Рерих; «Кәсіпкерлік» – Валерия Наркизова, Дархан Мұзафаров; «Өндіріс қызметкері» – Дәурен Тәйкебаев, Гүлмарал Махабіл; «Эстрада» – Руслан Жұмабаев, Назымгүл Шапағат; «Білім және ғылым» – Аяна Есім, Қымбат Матай; «Еріктілер» – Аяжан Құрманова, Лаура Сәрсембина; «Журналистика» – Құндыз Қабылденова, Вероника Вишневская; «Спорт» – Саятбек Оқасов, Александра Залюбовская жеңімпаз атанды. Сондай-ақ қосымша «Жыл жаңалығы» номинациясында Иманбек Зейкенов, Мадина Батық, Сәния Темірханова үздік деп танылды.
Тілеуберді Сахаба