Павлодарда галокамерасы бар балабақша жұмыс істейді

«Игілік»  жеке меншік бала бақшасы 2015 жылдың қараша айында шағын орталықтың негізінде ашылған еді. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының шеңберінде ашылған бала балақшаның меңгерушісі Тұрсынова Ризагүл бүгінгі таңда   «Бизнестің жол картасы 2020»  бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының аясында шағын несие қолдауымен кәсібін кеңейтіп, жеке ғимарат алу мүмкіндігіне ие болды.

Педагогика саласында жоғары білім бар, «Психология» мамандығы бойынша 20 жыл еңбек өтілі бар Ризагүл Тұрсынова білім беру жүйесінің қалай жұмыс істейтінін жақсы біледі. Балдырғандардың бала бақшаға келуі кезінде тұмаумен жиі ауыратынын ескерген ол мемлекеттен несие алып, бала бақшада тұзды бумен емдейтін галокамера орнатқан.  2017 жылы кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде 5 млн. теңге несие алып, бұл қаражатқа жеке ғимарат, балалар жиһазын сатып алды.

Ата-аналар балаларын «Игілік» бала бақшасына беру үшін ай сайын 36 мың теңге төлеуі тиіс. Бұл соманың 50 пайызы мемлекеттің есебінен төленеді.

Әлихан Рахметолаұлы