Павлодарда коммуналдық нарық күнделікті негізде жұмысын бастады
Ол келесі мекен жай бойынша орналасқан: Суворов көшесі, 11, дәл сол жерде өткен сенбі күні жәрмеңке өткізілген еді. Коммуналдық жәрмеңке ашу туралы ой өткен сенбілік жәрмеңке де айтылған болатын. Міне, бүгін ол өз жүмысын бастады. Нарық дүйсенбіден басқакүндері күнделікті негізде жұмыс атқарады. Дүйсенбі санитарлық күн болып белгіленді. Осылайша ұзын сонар кезектер мәселесі шешілді.
— Көріп тұрғандарыныздай бүгін бізде ұзын сонар кезек жоқ, нарық таңғы сағат 9-дан кешкі 21-ға дейін жұмыс атқарады. Мұнда сенбілік жәрмеңке де күн сайын сауда жасауға ниет білдірген өндірушілер өз өніміндерін ұсынады – деп қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Руслан Тлеулесов хабарлады.
Сенбілік ауылшаруашылық жәрмеңкесі бұрынғы тәртіппен өткізілетін болады. Бағалары да өзгеріссіз-әлеуметтік болып қалады. Мысалы, жұмыртқа онда 180 теңгеден, картоп 90-95, сәбіз 90, қызылша 70, пияз 85 теңгеден сатылады. Сондай-ақ сүт өнімдері де бар. Сонымен қатар, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінде күнделікті сауда-саттықтың өндірушулерге пайдасы туралы атап өтті. Белгілі бір күнге сілтеме жасамай тауарларды сатуға болады. Ең бастысы, жалға беру жоқ. Сатушылар – орын мен оның қамтуы үшін төлейді. Бұл санитария, жарықтандыру үшін, олардан кейін тазаланған, жуғандары үшін. Яғни, бізде кәсіпкердің осындай жағдайлары бар, — дейді кәсіпкерлік бөлімінде.
Павлодар облысың баспасөз қызметі