Павлодарда мүгедек балаларға арбалар берілді  

Қимыл-қозғалысы нашар балаларға берілген арбалар демеушілер қаражаты есебінен сатып алынды. 

Арнайы арбалар шын мәнінде көмекке мұқтаж балаларға берілді. Олардың ішінде жақында Израильге ем алуға баратын екі жасар Альтаир де бар.

— Бұрын мен Альтаирді үнемі көтеріп жүретінмін, — дейді баланың анасы Иқсанова Гүлзат. – Арбаның көмегімен ауруханаға болсын, қай жерге барсақ та ыңғайлы болады.

Арбалар Павлодар облысында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан «NFC» компаниясынан сатып алынды. Балалармен және олардың ата-аналарымен кездесуге келген аймақ басшысы Болат Бақауов  мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созған кәсіпкерлерге алғысын айтты.

— Әрине, мүгедек жандарға бюджет есебінен де көмек көрсетіледі, алайда, бизнес те бұл мәселеде сырт қалмай, жәрдемдескені дұрыс, —  деді әкім. – Бұл біздің ортақ ісіміз.

Әлихан Рахметоллаұлы