Павлодарда «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының форумы мәресіне жетті

Екі күнге созылған форумның барысында төрт өңірден жиналған 250 делегат партияның жұмыс мәселелерін талқылап, бастауыш ұйымдарды жаңғырту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Пария хатшысы Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының қызметін белсендіру концепциясын бекіту кезінде барлық пікірлер ескерілетінін айтты.

Форумның жабылу салтанатында сөз алған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жиналғандарға жемісті жұмыстары үшін алғысын айтып,  талқылау барысында туындаған идеялардың нәтижесінде бастауыш партия ұйымдарының беделін көтеріп, өзара қарым-қатынасты дамытуға серпін беертін Концепция қабылданатына сенім білдірді.

— Бастауыш партия ұйымдарының қызметін белсендірудің бір түрі партия белсенділері үшін мансаптық жоғарылау мүмкіндігі болып табылады – деді аймақ басшысы. – Әркім өзінің жұмысының нәтижесіне қарай мемлекеттік органдар мен партия қатарындағы саяси және сайланбалы лауазымдарға ұсынылуы қажет. Партияның кадрлық резервін қалыптастыру партиямыздың жетекшісі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бізге қойған міндеттерін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының келесі форумы Ақтөбе қаласында өтеді.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы