Павлодарда «Nur-Otan» партиясының облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

 

Павлодар облысының 35 делегаты 23-ші сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін “Nur Otan” партиясының кезектен тыс XIX съезіне қатысады.

“Nur Otan” Павлодар облыстық филиалының XXVIII кезектен тыс конференциясына 200-ге жуық делегат қатысты.

– “Nur Otan” партиясының бұған дейін өткен XVIII съездінің басты тақырыптары қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін және әл-ауқатын арттыру, өңірлердің экономикалық ахуалы мен әлеуметтік бағытталған мемлекетті дамыту шеңберіндегі саясатын өзгерту болды, – деді партияның облыстық филиалының төрағасы, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Партиямыздың басшысы Нұрсұлтан Назарбаев съезд барысында қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бойынша жаңа жобаларды құрастыруды тапсырған еді.

Павлодар облысында тұрғындардың күнделікті проблемаларын өздігімен шешуге жағдай жасайтын ірі ұлттық жобаларды жүзеге асыруға әлден-ақ кірісіп кетті. Павлодар облысында тұрғындардың күнделікті проблемаларын өздігімен шешуге жағдай жасайтын ірі ұлттық жобаларды жүзеге асыруға әлден-ақ кірісіп кетті.

– Бүгінде партия тұрғындар мен мемлекеттік органдарды байланыстыратын негізгі құралға айналып отыр, – деді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Николай Дычко. – Ұлттық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде әр ауданда мобильді топтар құрылып, олардың құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйыымдардың және бизнес-құрылымдардың өкілдері енді. Мобильді топтардың негізгі міндеттері  тұрмысы нашар отбасыларға әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсету, оларды құқықтық қорғау және отбасы институтын нығайту болып табылады.

 

Әлихан Рахметоллаұлы