ПАВЛОДАРДА ЖАСТАР ЖОБАЛАРЫ ЖАҢА СЕРПІН АЛУДА
Қазақстанның келешегі – жастар. Ел тәуелсіздігін сақтау, аумақтың тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету де жастардың міндеті.
Рухани жаңғыру – бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте олардың білімділігі, ана тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады.
Облысымызда жастарға арналған ұзақ мерзімді жобалар жүзеге асуда. Жобалардың мақсаты – жастар саясаты мен ынтымақтастығы саласындағы үздік тәжірибені біріктіруге мүмкіндік беретін жастарға арналған рухани коммуникациялық кеңістік құру болып табылады.
«Рухани Сamp» жобасы
«Рухани Сamp» – мәдениет диалогының кеңістігі және жастардың бірлестігі. Осы жоба аясында экскурсиялар ұйымдастырылады. Экскурсияның бірегей ұйымдастырылуы қатысушыларға Баянауылдың киелі жерлерінің алуан түрлілігі мен бірегейлігін көрсетуге мүмкіндік береді.
«Рухани Сamp» лагері кең танымдық, шығармашылық, мәдени-ойын-сауық бағдарламасын қамтиды. Бағдарламаға ұлттық және зияткерлік ойындар, экскурсиялар, квест, кинобейнелер, концерттер, караоке және кешкі отырыстар, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлері бойынша шеберлік сабақтары кіреді.
2019 жылы Баянауыл ауданында «Рухани Сamp» Халықаралық жастар құрылтайы өтті. Павлодар облысындағы ерекше лагерьге қоғамдық жастар ұйымдары, жоғары оқу орындары мен колледждердің белсенді студенттері, өнерпаз жастары, жастармен жұмыс істеу бойынша мамандары және аудан мен жақын шетел белсенділері қатарынан 60 шақты көшбасшы қатысты.
Құрылтайдың негізгі мақсаты – басқа мемлекет жастары өкілдерінің арасындағы мәдени байланыс орнату, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын дәріптеу, Баянауылдың қасиетті орындарына саяхат жасау болып табылады. Қатысушылардың алты күндік оқытуына шығармашылық, мәдени-сауықтыру және экскурсиялық бағдарламалар кірді. Осы уақыт ішінде жастар Баянауылдың қасиетті жерлерімен танысып, халықаралық қатынас жасауға қатысты мол тәжірибеге ие болды.
«Рухани tour» жобасы
Сондай-ақ біздің еліміздің киелі жерлеріне саяхат арқылы рухани патриоттық сезімдерді ояту мақсатында «Рухани tour» жобасы іске асты. Аталмыш жоба аясында Павлодар облысынан Ұлытау тауына (Қарағанды облысы) «Ұлы далаға саяхат» республикалық экспедициясы өткен болатын. Оның маршрутына Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі, Жошы хан кесенесі, «Домбауыл» кесенесі, Хан Орда қалашығындағы Алаш кесенесі, Ұлытау таулары және оның ең биік нүктесі – Қарағанды облысындағы Ақмешіт шыңы кірді.
Экспедицияға спорт, мәдениет, шығармашылық, өнер, білім беру саласында белгілі бір еңбегі бар Павлодар облысы жастар саясатының негізгі жарқын тұғырнамасының өкілдері және өңірдің қоғам белсенділері қатысты.
«Аруназ» клубы жобасы
Жастар бастамаларын дамыту орталығында екі жыл көлемінде «Аруназ» клубы жұмыс істейді.«Аруназ» клубы дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға және отбасылық қарым-қатынастарды үйлестіруге, сондай-ақ қазіргі келіннің бейнесі мен міндеттерін анықтауға бағытталған.
Клуб бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді:
1. ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту;
2. қазақ халқының қыздарын тәрбиелеу ерекшеліктері;
3. қазақтың ұлттық асүйінің ерекшеліктері;
4. отбасылық қарым-қатынас психологиясы;
5. өмірлік маңызды дағдыларға үйрету.
Негізгі жұмыс жас қыздармен, мектеп оқушыларымен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерімен жүргізіледі. Жас қыздар үшін бұл клуб ортақ қызығушылық аясында танысуға тамаша себеп болады.
Клуб жұмысын бастағаннан бері 100-ден астам іс-шара, 35 шеберлік сағаты және 23 семинар өткізіліп, 1500-ден астам адам қамтылды.
Байқағанымыздай, жеңімпаздардың дені – жастар. Олай болуы заңды да. Себебі ел тәуелсіздігімен егіз жасасып, ұлт келешегін кемелдендіретін – егемен елде дүние есігін ашып, еркін ой қалыптастырған азат ойлы жастар десек, сондай таланттардың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатарынан көрінгені көңіл қуантады.
Есімдер тізімі жыл сайын қосылып отырса да, әр жоба жеңімпазының орны бір бөлек. Себебі, олардың әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Өнерімен талайларды тамсандырып келе жатқан «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 2017 жылғы жеңімпазы, дәстүрлі әнші Алексей Лодочников өзінің замандастарына үлгі тұтарлық жан.
Сонымен қатар, осы жобаның 2019 жылғы жеңімпазы, өнерімен әлемді тамсандырып жүрген 19 жастағы танымал хитмейкер, диджей Иманбек Зейкеновтің aмepикaндық pэпep Кapлoc Ceнт Джoнның тyындыcынa жacaғaн peмикci бүкiл әлeмдi жayлaп aлды. Қазіргі таңда Иманбек әндер жазуды жалғастыруда және ресейлік лейблдер үшін трек жазуға келісім берді.
Жастар – барлық прогресстің қозғаушы күші, еліміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, ұлы даланың дәстүрі мен салтын келер ұрпаққа жеткізер болашағы.
Павлодар облысы,
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі