Павлодардың трамвай паркі 30 %-ға жаңарды
Қалалық трамвай басқармасында Павлодарға Беларусь Республикасынан жеткізілген жаңа трамвай вагондарының таныстырылымы өтті. Жүргізушілердің айтуынша трамвайлар кондукторлар үшін де, жолаушылар үшін де өте ыңғайлы.
— Жаңа трамвайлар жылдам әрі жайлы қозғалады, — дейді трамвай жүргізуішісі Елена Евстратова. – Жүргізушінің кабиансынада желдеткіш те бар. Жазғы уақытта бұл өте ыңғайлы.
Жаңа вагондарды жасап шығарған компанияның өкілдері ТМД кеңістігінде рельсті көліктерді сақтап қалған елдер аз екендігін айтты. Қазақстан бойынша Павлодар трамвайлар тұрақты жүретін жалғыз қала деп айтуға болады.
— Павлодарға келгенде өзіміз жасап шығарған вагондарды көргенде қатты қуандым, — дейді «Белкоммунмаш»-тың сервистік орталығының директоры Александр Шутов. – Біздің трамвайлар павлодарлықтар үшін жақсы қызмет етеді деп ойлаймын. Алдағы уақытта да сіздермен әріптестік қатынастар орнатуға әзірміз. Біз автономды жүретін көліктер: трмвайлар, электробустар және гибридті автобустарды жеткізе аламыз. Трамвайлар туралы айтар болсақ, біз жлектр желісін тартуды қажет етпейтін ток көзін рельстерден алатын вагондарды жааумен ед айналысамыз.
Павлодар облысының әкімі павлодарлықтарды жаңа трамвай вагондарын күтіп ұстауды сұрады. Болат Бақауов трамвай және автобус парктерін жаңарту жалғасатынын айтты.
— Жаңа вагондарды жеткізуде біраз қиындықтар туындады, — деді облыс әкімі. – Трамвай – көліктің экологиялық таза түрі. Бұл біздің өнеркәсіптік өңір үшін аса маңызды. Сонымен қатар, биыл біз автобус паркін 76 %-ға дейін жаңарта алдық. Дизельдік отынмен жүретін автобустардан бөлек қалада 10 электробус та бар.
Естеріізге сала кетейік, 2017 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкі трамвай басқармасына 2,7 млрд теңге көлемінде несие берген болатын. Бұл соманың 742 млн теңгесі республикалық бюджет есебінен субсидияланды. 23 вагонды жеткізу бойынша шартты Kazakhstan tram consortium Ltd жеңіп алған еді. «Белкоммунмаш» компаниясында жасалған алғашқы трамвай Павлодарға 2017 жылдың желтоқсан айында жеткізілді.
Әлихан Рахметоллаұлы