Павлодарлық оқушы Тұңғыш Президент қорының лауреаты атанды

Астанадағы Елбасы Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттарымен және дарынды жастармен кездесті, – деп хабарлады облыстық білім басқармасы.

Кездесуге қор жанындағы IT-кеңес, ғылым, мәдениет жөніндегі кеңес мүшелері және жас ғалымдар, инноваторлар, мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік жобаларды әзірлеушілер және Қордың қолдауымен өз идеяларын жүзеге асыра алатын Қазақстанның түрлі қалаларынан келген дарынды балалар қатысты.

Халықаралық мектеп олимпиадаларының жеңімпаздарына Елбасы атынан “Ел мақтанышы” сыйлығы табыс етілді. Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, алтын медаль үшін 2 млн. теңге, күміс үшін 1 миллион, қола үшін 500 мың теңгеден сертификаттар берілді.

Марапатталғандардың қатарында – Павлодардағы №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Владислав Черданцев бар. Мектеп оқушысы мен оның ұстазы Ирина Молокова диплом мен миллион теңгеге сертификат алды. Владислав пен оның тәлімгері 2019 жылы Францияның химия пәнінен халықаралық олимпиадада күміс медальға ие болды. Білім басқармасының мәліметі бойынша, тоғызыншы сыныпта Владислав Черданцев Нидерландта өткен халықаралық жаратылыстану – ғылыми юниорлар Олимпиадасында және Беларусьте өткен химия пәнінен 52-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында үшінші орынды иеленді, ІІ дәрежелі диплом оған А. Бектұров атындағы ІV Халықаралық химиялық олимпиадада табыс етілді.

10-шы сыныпта ол Бектұров атындағы олимпиадада “Абсолютті жеңімпаз” кубогінің және “Үздік теоретик” номинациясының иегері атанды. Облыстық және республикалық пәндік олимпиадалардағы жеңістері үшін Владимирді облыс әкімі Болат Бақауов 2019 жылы марапаттады.

Әлихан Рахметоллаұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.