Павлодарлық оқушылар 7-сыныптан бастап түрлі кәсіптерді үйрене алады

Облыс орталығындағы оқу-өндірістік комбинатында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қаланың жалпы білім беру мектептерінің 7-сынып оқушыларымен ерте бейіндеу жұмыстары жүргізіледі. Білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың мәлімдеуінше, 1300-ден астам мектеп оқушысы түрлі кәсіптерді игере алады.

– «Жас маман» элективті курсы бойынша 7-сынып оқушыларына арналған сабақтар оқу жылы бойы өзін-өзі тану шекарасын кеңейту және кәсіптер әлемі, маркетинг, медицина, менеджмент, графикалық дизайн туралы ақпарат беру мақсатында жүргізіледі, – дейді Балжан Әділханова. – Алдағы уақытта қаланың барлық 7-сынып оқушыларын қамту кезінде 8 және 9-сыныптардың оқушылары оқу бейіндерінің бірін таңдап, оны тәжірибеде қолдана білуі үшін басқа салалардағы мамандықтар бойынша жұмысты ұйымдастыру жоспарлануда. Мысалы, бүгінде оқушылар сервис және тамақтану, журналистика, дизайн, бағдарламалау мамандықтарына қызығушылық танытады.

Қазіргі уақытта оқушылардың кәсіби бағдарын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жоғары білімді 12 маман жүзеге асырады. Олардың 9-ы – жоғары санатты, 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар педагогтар.

Ақпарат және сурет «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтына алынды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.