Павлодарлық жас ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданды

 

Қарағанды қаласында өтіп жатқан “Жас ақын-жазушылар форумы” аясында ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан Ертіс-Баян өңірің жас ақыны, облыстық «Халық» радиосының қызметкері Жарқынбек Амантайұлына қаламгерлер одағының куәлік билетін табыс етті. Бұл туралы ҚЖО облыстық филиалы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Жарқынбек Амантайұлы 1988 жылы 20 қарашада дүниеге келген. Орта мектепті Павлодар облысы  Ақтоғай ауданында тәмамдап, жоғарғы білімді Павлодар мемлекеттік педагогикалық институының филология факультетіне алды.

Тума талант, жас дарынның өлеңге деген құштарлығы мектеп қабырғасынан оянған. Жарқынбек бірталай облыстық,республикалық Абай, Мұқағали оқуларының жеңімпазы.

«Туған тілім-тұғырым», «Махаббат жыры», «Мұқағали әлемімен сырласу» т.б. сынды облыстық көптеген жазба ақындар мүшайрасының жеңімпазы. 2008 жылы Семей қаласында өткен «Қайрат рухы» атты республикалық мүшайраның 1–орын иегері, 2009 жылы Павлодар қаласында өткен «Иса Байзақовтың 110-жылдығына арналған республикалық мүшайраның» 2-орын иегері. Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының құрылуының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жыр мүшәйрасының 1-орын иегері. “Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болған” атты республикалық мүшәйраның жүлдегері.Жас журналистерге арналған Респубикалық Болатхан Тайжан атындағы “Жас тұлпар” сыйлығының иегері.

Жарқынбек Амантайұлыынң өлең-жырлары облыстық «Сарыарқа самалы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Найзатас», «Тұмар», «Жұлдыз» журналдарында жарияланды. Ол жазған өлеңдер  «Қазақ поэзиясының антологиясына», «Ертіс толқыны», «Жанартау», «Ертіс әуендері», «Бәйшешек», «Теңізге тамған тамшылар» т.б. жинақтарға енген.

Жас ақынның қаламынан туған жырлар Арман Қани, Бекен Ыбырайым, Ғалымбек Жұматов, Бауыржан Қарағызұлы, Ықылас Ожай, Қалқаман Сарин, Алмас Темірбай сынды белгілі ақын-жазушылардың айтулы бағасына, оң пікіріне ие болған.

Жарқынбек Амантайұлы 2014-2016 жылдары Халықаралық “Қазақстан-Zaman”газетінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды. Қазіргі таңда Павлодар облыстық «Халық радиосы» радиостанциясының музыкалық редакторы. 2018 жылдан бастап Павлодар облысы бойынша «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының президенті қызметін қатар алып жүр.

Ақынның өлеңдері алғаш рет жеке динақ түрінде 2006 жылы «Аллажар» деген атпен жарық көрді. 2018 жылы «Ескі сурет» поэзиялық жинағы жарыққа шықты. Бұл кітаптың тұсаукесері Елордада ұйымдастырылған ІІІ Еуразия халықаралық «Eurasian Book Fair-2018» кітап көрмесінде өткізілді.

 

Әлихан Рахметоллаұлы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.