Павлодарлық оқушылар ХІІ республикалық «Бастау» турнирінде жақсы нәтиже көрсетті
Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен бастауыш сынып оқушыларының арасындағы XII республикалық «Бастау» математикалық турнирінде өңіріміздің оқушылары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері хабарлады.
— Математикалық турнирге өңірімізде бұған едйін өткен VІ облыстық математикалық турнирінің жеңімпаз командалары қатысты, — деді оқу-әдістемелік орталығында. – Ағымдағы жылы Абай атындағы №10 лицей-мектебінің және дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушылары жеңіске жеткен еді. Командаларды турнирге осы білім ошақтарының бастауыш сынып мұғалімдері Төлеутаева Толқын мен Кравчук Галина дайындаған еді.
Үш күнге созылған тартысты бәсекенің нәтижесінде жеке біріншілікте ІІІ дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 2, 3 сынып оқушылары Смирнова Василина және Манин Дмитрий марапатталды. Осы гимназияның 4 сынып оқушысы Титков Дмитрий мен дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің оқушылары Жүсіпов Нұрсұлтан, Изуева Амина, Қали Асанали «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасына ие болды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен барлық турнир қатысушыларына – үш тілде құрылған естелік кітаптар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерғе сыйлық сертификаттары табысталды.
Әлихан Рахметоллаұлы