Павлодарлық оқушылар «IQ fest» зияткерлік ойынына қатысты
«Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығы орталық мәдениет және демалыс саябағында «IQ fest» зияткерлік конкурсын өткізді. Ойын «Керемет» жазғы жобасының шеңберінде ұйымдастырылды.
— Зияткерлік байқауға қаланың 21 жалпы білім беру мектебінен 269 оқушы қатысты, — дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. — Байқау шарты бойынша балалар «IQ fest» — «Таңғажайып квадрат», «Логикалық басқатырғыш», «Полиглот», «Не? Қайда? Қашан?», «Сөзжұмбақты шеш, жұмбақты тап», «Мақалды шеш» станциялары бойынша саяхат жасады.
Оқушылар өздеріне берілген тапсырмалардың жауаптарын табу үшін білімпаздықтарын танытып, алғырлықтарын көрсете білді. Ойын барысында олар креативтіліктерін дей байқатты. Мәселен, №39 мектептің оқушылары «Таңғажайып квадрат» станциясында креативті ойын өрнегін көрсетіп, логикалық тәсілмен ойжұмбақтарды шешті.
«Полиглот» станциясында № 16, 43, 34 мектептердің командалары қазақ, ағылшын, орыс тілін жетік білетіндіктерін байқатты. Әрбір станцияда жиналған ұпайлар саны команданың ортақ ұпайдар санына қосылды.
Ойынның нәтижесінде 6 жүлделі орын анықталып, жеңімпаздар марапатталды. I дәрежелі дипломмен № 39 ЖОМ «Stars» командасы, II дәрежелі дипломмен № 16 мектептің «Динамит» командасы мен № 43 мектептің «Бүркіт» командасы, III дәрежелі дипломмен № 9, 14, 25 мектеп командалары марапатталды.
«Логикалық басқатырғыш» номинациясымен № 26 мектеп командасы, «Полиглот» номинациясымен — № 34 мектеп командасы марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін № 6, 21, 29, К. Мақпалеев атындағы ЖОМ оқушылары дипломмен марапатталды.
Әлихан Рахметоллоұлы