Павлодарлық кәсіпкер екі қабатты тойхананың орнына аурухана салып шықты

Фото: Ашық дереккөз
Бұрынғы «Дәстүр» мейрамханасының ғимаратында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы ашылды.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР
Ұлыбритания патшайымы Елизавета II өмірден озды
Ертең еліміздің бірнеше аймағында үсік жүреді — Қазгидромет
Орталықта клиникалық-диганостикалық, санитарлық көмек көрсетіледі. Пациенттерді педиаторлар, терапевттер, акушер-гинеколог қабылдап, скрининг жасалады. Сондай-ақ қан тапсыруға, флюрография мен ЭКГ-ден өтуге болады.

Кәсіпкер Қуаныш Нысанбеков орталықтың медициналық көмектің халыққа қолжетімділігі бағдарламасы бойынша ашылғанын атап өтті.

“Мұнда алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Негізгі мамандар емхананың өзінде отырады. Бұл — осы орталыққа жақын тұратын тұрғындарға жасалып жатқан жағдай. Бұл сәтті халық күтті. Әсіресе үлкен жастағы адамдар қуаныштарын білдіріп жатыр. Ол адамдарға емханаға барып жүру қиындау”, — деді Нысанбеков.

Орталық бір ауысымда 150 адамды қабылдай алады. Күндізгі стационарда 12 төсек-орын бар. Орталыққа 20 мың адам тіркеле алады. Қазіргі уақытта 13600 адам тіркелген.

Жаңа ашылған орталықта барлығы 26 медициналық қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде 11 дәрігер бар. Кейбір мамандарды жаңадан қабылдаған.

Pavlodarnews.kz.