Павлодарлық ақын республикалық айтыстан жүлдемен оралды
Павлодарлық жас ақын, «Павлодарньюс» АА тілшісі Оразбек Саяхат Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылдық аймағында өткен республикалық айтыста Әбікен Сарыбаев атындағы арнайы жүлдеге ие болды.
Жастар жылында жастарды қолдау, ақынның мерейтойын тойлау мақсатында ұйымдастырылған жыр додасына Орал, Шымкент, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 10 ақын қатысты. Олардың көбі бұрын республикалық жыр додаларында топ жарып жүрген танымал айтыскерлер.
— Республикалық деңгейде өткен айтысқа алғашқы рет шықтым. Бұған дейін де жастар айтысына қатысып жүрген едім, алайда Сара Тоқтамысова, Кәрима Оралова сияқты есімдері елге белгілі майталмандармен және қазіргі жұлдыздар Сырым Әуезхан, Жандарбек Бұлғақовпен бір айтысқа қатысудың өзі ерекше болды, — дейді жас ақын Оразбек.
Оразбек бұл жолы көкшетаулық ақын Қуаныш Оспановпен айтысвп, қазылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Соның нәтижсіне елімізге белгілі айтыс ақыны Әбікен Сарыбаев атындағы арнайы жүлдеге ие болды. Айтыстың бас жүлдесін екі дүркін «Алтын домбыра» иегері атанған Жандарбек Бұлғақов жеңіп алды.
Тiлеубердi Сахаба