Павлодарлық “Джамбо” би ансамблі Италияда өткен Халықаралық “Өзіңді әлемге таныт” фестиваль-конкурсынан бас жүлдемен оралды
Танымал қазақстандық хореограф Бибігүл Ізденова бастаған «Джамбо» эстрадалық-спорттық үлгідегі би ансамблі Италия мемлекеті Сан-Марино қаласы TITANO театрында өткен IV Халықаралық «Өзіңді әлемге таныт» көпжанрлы өнер фестиваль-конкурсында бас жүлде иегері болды.
Италиядағы «Өзіңді әлемге таныт» фестивалі – мәдени іс-шара, әр түрлі шығармашылық бағыттар мен мектептердің кездесу нүктесі. Қатысушылар әр түрлі жанрларда:хореография, академиялық және эстрадалық вокал, инструменталдық шығармашылық, бейнелеу өнері өнерлерін көрсетті.
Фестивальге Ресей, Италия, Әзербайжан және Қазақстаннан келген қатысушылар қатысты. «Джамбо» қазақстандық тобының 28 бишісі сайысқа «Менің Қазақстаным» және «Ризамын» би номірлерімен шықты. Бұл билер әлемге Қазақстанныңмықтылығы мен ұлылығы, балалардың елдеріне деген сүйіспеншілігі мен мақтанышынан көрініс береді. «Үлкен регата» және «Ерке қыздар» деген би нөмірлері жерлестеріміз бұрыннан ұнатып жүрген стильді түрік билері болып табылады. Әріптердің аударылуымен жасалған костюмдер көпті көрген қазылар алқасын таңқалдырды. Сан-Маринодағы TITANO театрының сахнасынан «Джамбо» ансамблін зор ықыласпен қабылдап, ду қол шапалақпеншығарып салды.
– Бәсекелестік өте жоғары болды. Владимир қаласынан келген «Русь» ансамблі өте мықты болды. Киімдері керемет, көп жанрда өнер көрсете алды, — деді ансамбльдің жетекшісі Бибігүл Ізденова. – Баку қаласынан келген әншілер костюмдерінің әдемілігімен және қатысушылар санымен ерекше көзге түсті. Ал Италия бишілері болса танымал «Бачатасын» орындап, көрермендердің жүректерін жаулап алды. Қазылар алқасының құрамына Қазақстан өкілдерінің кірмей, тек Ресей, Италия, Әзербайжан мемлекеттері өкілдерінің кіргеніне қарамастан, төрағалық еткен «Овация», «Золотой граммофон» премияларының лауреаты Виктор Пеленягрэ, мүше болған Игорь Моисеев атындағы мемлекеттік академиялық балет ансамблінің әртісі Вера Дмитричева мен Фестивальдердің құрметті қонағы Фабио Ламборгини «Джамбо» тобының жас бишілеріне жоғары баға берді. Балдардың қосындысы бойынша біз барлығын артта қалдырып, Гран-приге ие болдық.
Фабио Ламборгинидің айтуынша бұл оның «Джамбо» өнерін бірінші рет тамашалауы емес. Оны Қазақстаннан келген топтың таланты және балалардың патриоттық сезімдері таңқалдырды.
– «Джамбо» ансамблі Римге Қазақстан Республикасының туының түсіне сәйкес келетін бірдей жеңіл жейделер киіп келді, олар дайындықтарының ерекше деңгейімен ерекшеленеді. Осындай қатысушыларды көріп жүргеніміз бізге үлкен қуаныш сыйлайды, себебі біздің фестиваль-конкурсымыз әр түрлі ел қатысушыларын біріктіріп, мәдениет пен шығармашылық негізінде халықаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған,- деді Фабио Ламборгини.
«ДЖАМБО» эстрадалық-спорттық үлгілі би ансамблі Ресей, Италия, Франция, Мальта, Түркия, Болгария, Тунис мемлекеттерінде өткен әр түрлі республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері болып табылады.
Әлихан Рахметоллаұлы