Павлодарлық ғалымдар электр энергиясының тариф құнын төмендетуді ұсынды 

Аймақтағы кәсіпорындарға жұмыс сапары барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ делегациясы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалының Павлодар обылстық электрмен қамту дистанциясы магистральдік желілер бөлімшесінің жұмысымен танысты.

Кездесу барысында дистанция бастығы Ыбыраев Ренат кәсіпорынның негізгі проблемаларын атап, Қазақстанда тәуелсіз бәсекелестікті сақтау үшін тауарлар мен қызметтерді сату нарығында монополияға қарсы заң жұмыс істейтінін және көп жағдайда тұтынушылар қиыныдық көретінін айтты.

Электр энергиясын тасымалдау кезінде өнім тұрғындарға жетер жолда оған қосымша ақы есептелуі мүмкін. Бұл жағдай энергетика нарығындағы қосымша делдалға байланысты.

— Мәселен, жеткізуші мен тұтынушы арасындағы электр желісінен бір адам осы трассада участокты жалға алып, екі арадағы қаржылық схемаға кіорігеді,  — деді Ренат Ыбыраев. – Делдалдың жеке электр желісі мен подстанциясы болуы мүмкін. Егер, оның жеке трансформаторы болса, ол оны жөндеуге міндетті. Бірақ, меншік иелері өзінің бұл міндеттеріне салғырт қарайды. Мысал ретінде Ақсу қаласында орын алған жағдайды қарайық. Жеке меншіктегі трансформатордың істен шығуына байланысты тұрғындар үйлеріне электр энергиясының берілуін екі апта күтіп, жарықсыз отырды. Подтсанцияның иесі жөндеу жұмыстарын созып, жағдайға  өңір басшылығы араласқан соң ғана трансформаторды тез арада жөндеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша ЖОО-ың ғалымдары кәсіпорынның электрмен қамту жүйесін тиімді ету және электр энергиясының тариф құнын төмендету бойынша ұсыныстар енгізді.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы