Павлодарлық оқушылардың Мағжан ақынның еліндегі жетістіктері

Қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі Мағжан Жұмабаевтың есімі туған халқы барда ешқашан ұмытылмақ емес. Ақын өзінің рухани мол мұрасы арқылы өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кетті.

2018 жылғы 22-24 маусым күндері ақын Мағжан Жұмабаевтың туған жері – Солтүстік Қазақстан облысының Сарытомар ауылындареспубликалық «Мағжан оқулары» өткізілді.Ақынның 125 жылдығынатап өту шеңберінде өткен іс-шараға еліміздің 14 облысынан 45 оқушы қатысты.

Павлодар облысының намысын келесі оқушылар қорғады. Ақынның шығармашылығы бойынша зерттеу жұмысын қорғау бағытында өткен «Толқынмен толқын сырласып…» номинациясы Павлодар қаласы №37 орта мектебінің9 сынып оқушысы Галямова Данеля, Мағжан Жұмабаевқа арнау өлеңдер жазу бойынша «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған…» номинациясындағы жас ақындар сайысына Аққулы ауданы Қазы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қабылова Айдана және Мағжанның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту керек болған «Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім…» номинациясы бойынша Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 7 сынып оқушысы Мұрат Нұрдаулет қатысты.

Тарытсты да қызықты өткен сайыстың қорытындысы бойынша Галямова Данеля екінші орынға, ал Мұрат Нұрдәулет үшінші орынға ие болды. Оларға  нетбук және планшет сыйға берілді. Жеңімпаздарды дайындаған №37 жалпы орта білім беру мектебінің және Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Умрахимов Сәкен мен Есенғожина Ақмаралға алғыс хаттар табысталды.

Әлихан Рахметоллаұлы