Павлодарлық полиция қызметкері әлем біріншілігінде қола медальге ие болды

Павлодардағы патрульдік қызметтің полиция батальонының сержанты Олжас Тілеубергенов РФ-ың Иркутск қаласында өткен «Байкал кубогі» халықаралық турнирінде үшінші орынға ие болды. Ішкі істер органдарына 2014 жылы қызметке тұрған Олжастың жасы жиырма алтыда.

Жауынгерлік самбодан өткен халықаралық турнирге әлемнің 17 елінің спортшылар қатысты. Олжас 74 келі салмақта Беларусь, Сирия және Түркіменстаннан келген қарсыластарын жеңіп, қола медаль иемденді.

— Жеңіс оңай келген жоқ, — дейді Олжас Тілеубергенов. — Әр белдесу үшін барымды салдым. Қарсыластарым жақсы дайындықпен келген. Бұл жарыста үшінші орынды місе тұттым. Келесі жолы алтын медальге қол жеткізсем деген ойым бар.

Патрульдік полиция сежанты Олжас Тілеубергенов жауынгерлік самбо мен ММА ережесіз жекпе-жектен спор шебері, оның қоржынында әр түрлі дәржедегі 40 медаль бар.

Әлихан Рахметоллаұлы