Павлодарлық тауар өндірушілер Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 465 тонна өнім апарады
Астана қаласында 8 — 9 қыркүйек күндері Мұнайтпасов көшесі, 9 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан» спорт кешенінң автотұрағында Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде облыстың барлық өңірлерінің жүзден астам кәсіпорындары мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысады, олармен барлығы 110 миллион теңгеден астам сомаға 465 тонна көлемінде өнім апарылады. Оның ішінде 18,7 тонна сиыр еті, 10,5 тонна жылқы еті, 2,5 тонна қой еті, 5 тонна құс еті, 220 тонна картоп, 80 тонна көкөністер, 60 тонна бақша дақылдары, 5 тонна балық, 90 мың дана жұмыртқа, 6 тонна шұжық өнімдері, 1500 дана ет консервілері, 10 тонна сүт өнімдері, 7,5 тонна қымыз, 4 тонна ірімшік, 10 тонна ұн, 6 тонна жармалар, екі тоннадан макарон, нан-тоқаш, кондитер өнімдері, 4,5 тонна бал, 4 тонна өсімдік майы әкелінеді.
Өңірлердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сиыр етін 1350 теңге/кг, жылқы етін — 1550 теңге/кг, қазыны – 1750 теңге/кг, қой етін – 1300 теңге/кг, құс етін – 700 теңге/кг, жұмыртқаны – 10 данасына 170 теңге, қатты сорттағы ірімшікті — 1800 теңге/кг, қымызды – 600 теңге/кг, балды – 1500 теңге/кг, өсімдік майын – 360 теңге/литр, макарон өнімдерін — 140 теңге/кг, қарақұмық жармасын – 120 теңге/кг, жоғары сортты ұнды – 120 теңге/кг, картоп, қырыққабат, пиязды – 70 теңге/кг, сәбіз, қызылшаны – 90 теңге/кг, қарбызды – 50 теңге/кг сатылымға шығарады.
Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша павлодарлық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімі Астанада үлкен сұранысқа ие және жәрмеңкені ұйымдастыру кезеңінде толығымен сатылып бітеді. Елорда тұрғындары үшін Павлодар облысында өндірілетін ет өнімдері, картоп, көкөністер және қарбыздар жоғары сұранысқа ие. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде сатылатын тауралар аймақтың эмблемасы бейнеленген экологиялық таза пакеттерде босатылады.
Еліміз бойынша және алыс-жақын шет елдерде танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Ақжар — Өндіріс» ЖШС, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС сияқты кәсіпорындар өзінің өнімін ұсынады.
Мерекелік бағдарламаны, іс-шараның музыкалық сүйемелдеуін Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары қамтамасыз етеді.
Әлихан Рахметоллаұлы