Павлодарлық жас сырнайшы халықаралық «ЕУРАЗИЯ ІІІ» байқауында жеңіске жетті
Павлодарлық жас сырнайшы Олжас нұрланов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «ЕУРАЗИЯ ІІІ» байқауында өз номинациясы бойынша жеңіске жетті. Жеңімпазды анықтау үшін интернетте онлайн дауыс беру жүргізілді.
— Байқау маған өте ұнады, — дейді Олжас Нурланов. – Көптеген қатысушыларды бұрыннан да танитынмын. Олардың көбі менің достарыма да айналып үлгерді.
Орыс халық аспаптарының орындаушыларының «ЕУРАЗИЯ III» халықаралық байқауы РФ Мәдениет министрлігінің қолдауымен, М.П. Мусоргский атындағы Орал мемлекеттік консерваториясының және Михаил Уляшкин қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткізіледі.
Олжас сырнайда жеті жастан бастап ойнайды. Ол бұған дейін де түрлі байқаулар мен конкурстарда жеңіске жетті. Олжас 11 жасқа толғанда Воронеж музыкалық аспаптарының шеберлері оған атаулы сыранй жасап берді.
Жас сырнайшы қазіргі кезде Мәскеу мемлекеттік филармониялық академиясында білім алады.
Ақпарат және суреттер «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынды