Павлодарлық жоғарғы оқу орнының студенттері шетелдік ғалымдардың дәрістерін тыңдады
Toraighyrov University білім ордасында Испания, Болгария мен Ирак ғалымдары шеберлік сағаттарын өткізуде. Оқу орнының баспасөз қызметі хабарлағандай, Әулие Климент Орхидский София университетінің (Болгария) PhD докторы, профессор Татьяна Дронзина гуманитарлық-педагогикалық факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттарына 72 сағаттық шеберлік сағаттарын өткізді.
— 2020 жылдан бері Қазақстанда медиация бойынша жұмыс істеп келемін, — дейді Татьяна Дронзина. – Сол сәтте мамандар аз болатын, білікті мамандар шет елдерден келетін. Бүгінде медиаторлардың толқыны пайда болды деп ауыз толтырып айтуға болады. Бастапқыда бұл құбылыс бойынша түсінбеушіліктер болды. Медиация – қоғамдағы мәселелерді шешудің тиімді кілті.
Ал Неофит Рильский Оңтүстік-Батыс университетінің профессоры Митко Стоев электротехника, автоматизация, электроэнергетика, жылу энергетикасы кафедраларының студенттеріне жасыл энергетика тақырыбында дәріс оқыды.
Болашақ сәулетшілер, дизайнерлер мен көлік саласының мамандары Мадрид политехникалық университетінің сарапшысы Игнасио Менендес, Алтай мемлекеттік университетінің биология ғылымдарының докторы Роман Яковлев және Ирактағы «Anwar Babel Automobile» автомобиль сауда-сервистік компаниясының маманы Аббас Вахид Дахамнан дәріс алды.
Ақпарат және суреттер «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынды