Павлодарлықтар «Мектепке жол» акциясына қатысып, 2402 оқушыға көмек көрсетті

Күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуда көмек көрсету мақсатында Павлодар қаласында ағымдағы жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатыр. Қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Балжан Әділханованың айтуынша,  қалада әлеуметтік көмекті талап ететін балалар деректерінің банкі құрылды.

Оқу жылының басында күнкөрісі төмен, қолайсыз отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар қатарынан материалдық көмекті қажет ететін 4700 оқушысы тіркелді. Бүгінгі күні 2402 оқушыға жалпы сомасы 15,3 миллион теңгеге көмек көрсетілді, соның ішінде бюджеттік қаражат есебінен 8,7 миллион теңге бөлінді не бюджеттен тыс қаражат сомасы 6,5 миллион теңгені құрады. Бұған қоса, «Қазақстан Халық банкі» облыстық филиалы бірінші сыныпқа баратын 71 оқушыға жалпы сомасы 568 мың теңгені құрайтын  сөмкелер және кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетілді.

Еске сала кетейік, «Мектепке жол» республикалық акциясы шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі 22 тамыз күні «Манақбай» және «Квазар» сауда үйлерінде мектеп жарақтарын жинақтау үшін қайырымдылық жәшіктері орнатылған болатын.  Кәсіпкерлердің көмегімен жалпы құны 1,5 миллион теңгені құрайтын киім-кешектер, керек-жарақтар жиналып, олар Ленин, Павлодарское, Жетекші, Кенжекөл ауылдарының балаларына таратылды.  Осылайша көрсетілген көмек сомасы 17,4 миллион теңгені құрады.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы